primeminister.kz
2035 жылға қарай атмосфераға таралатын зиянды шығарынды 300 мың тоннаға қысқарады. Отандық өнеркәсіп ошақтарын жаңа технологияға көшірудегі басты мақсат осы. Бұл туралы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес отырысында айтылды.
Үкімет басшысы Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен жиында кәсіпорындарда озық та қолжетімді құрал-жабдық енгізу және орнықты даму барысы қаралды. Мәселен, мыс өндіру кәсіпорындарында шаң жинайтын сүзгі орнатылып, бұл процестің тиімділігі 100% артты. Сондай-ақ газдандыру, су салқындату жүйесінің жабдықтарын ауыстыру есебінен зиянды шығарынды көлемі азайған. Олжас Бектенов: «Қазақстанның көміртегі бейтараптығына қол жеткізу үшін Үкімет тиісті бақылауды күшейтеді», – деді. Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-министр жауапты министрліктерге бірқатар тапсырма берді.