Маңғыстауда 12 құрылыс компаниясының қызметі тоқтатылды.

Себебі олар құрылыс жүргізуге рұқсат алу үшін, барлығы бірдей 1 өндірістік базаны, бірдей инженерлік-техникалық мамандарды көрсеткен. Бірақ құзырлы орган соған қарамастан, лицензия беріп жіберген. Бұл заңсыздықты прокуратура қызметкерлері анықтап, 12 мекемені де әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оларға жалпы сомасы 5 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Бегендік Мағжан, Маңғыстау облыстық прокуратурасы басқармасының аға прокуроры:

Логикалық тұрғыда бір өндірістік базада 100 жұмысшының жұмыс істеуі мүмкін еместігі анықталды. Яғни 12 мекеме бірдей өндіріс базаны қалай жалға алатыны күмән тудырды. Сонымен қатар инженерлік-техникалық қызметкерлер бір мезгілде бірнеше мекемеде қалай жұмыс істеуі мүмкіндігін қарап отырып, сондай заңдылықты бұзушылықтар орын алды.

Аягөз Оралбайқызы