Өзбекстан ұлттық құрамасының барлық ойыншылары мен бапкерлік штаб мүшелеріне Қатармен өткен матчтан кейін бір-бір автокөліктің кілті табысталды.

Бұл сыйлық — 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына жолдама алып, тарихи жетістікке қол жеткізген команданың құрметіне арналды. Азия аймақтық іріктеу кезеңінің 10-турында Өзбекстан құрамасы Қатарды 3:0 есебімен ойсырата жеңіп, топтағы көшбасшы атанды. Осылайша, команда 21 ұпай жинап, бірінші орынға көтерілді. Енді, олар 2026 жылы АҚШ, Канада және Мексикада өтетін әлем чемпионатына қатысады.