Түркістан облысында полицейлер алматылықтың ұрланған көлігін тауып берді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Түркістан облысының полицейлеріне Алматы қаласында іздеуде жүрген Lixiang L9 автокөлігі бойынша бағыттама берілді. Онда өзгенің көлігін заңсыз иемденіп, мініп кеткен жүргізуші Түркістан облысында жүруі мүмкін екені көрсетілген. Берілген бағыттама бойынша жұмыс жасаған Түркістан облысы ПД жедел басқару орталығының қызметкерлері көліктің Сайрам ауданы аумағында жүріп өткенін анықтады. Кезекші полицей бірден сайрамдық тәртіп сақшыларына хабар берді.
Оқи отырыңыздар:
- Қазақстанда ерлердің жалақысы әйелдердікінен жылдамырақ өсіп жатыр
- Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 288 мың қызмет алды
Полицейлер "Қорғау бағдарламасы арқылы көліктің бағытымен жүріп, жедел-іздестіру жұмыстарын атқарды. Шұғыл түрде әрекет еткен полицейлер, аталған автокөліктің жүрген жерін анықтап, тоқтатты. Автокөлік полицияға жеткізіліп, қарап тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде қылмыстық іске қатысы бар көлік, Жетісу АПБ-ға табысталды.