Талдықорғандағы жас натуралистер станциясы көптен бері күтімсіз қалған.

Айналасын арамшөп басып, ағаштар қурап жатыр. Оқушылардың бойында экологиялық мәдениет қалыптастырып, таным-түсінігін кеңейтетін тәжірбиелік алаңды жаңғырту керек, дейді экологтар. Осы мәселеге жергілікті биліктің назарын аударту үшін «Таза бейсенбі» акциясы өткізілді. Жастар мен еріктілер қаулап өскен шөпті шауып, аумақты ретке келтірді. Қоршаған ортаны қорғау күніне орайластырылған шараға «Еко патруль Жетісу» қоғамдық бірлестігі мен «Аманат» партиясының өкілдері ұйытқы болды.

Асхат Досмұхамбетов, «Amanat» партиясы облыстық филиалының бөлім меңгерушісі:

- Жыл басынан бері 23 іс-шара ұйымдастырылып, 48 тоннаға жуық қоқыс шығарылып, 33 мыңнан астам адам қатыстырылды. 36 мың түп ағаш отырғызылды.