Ақтауда туристер жиі баратын жағажайда «Таза бейсенбі» экоакциясы өтті.
Тазалық шарасына «Жас Stars» бастауыш партия ұйымының өкілдері мен қала тұрғындары белсене қатысты. Олар 15-шағын ауданда теңіз жағалауын күл-қоқыстан тазалады. Жалпы өңірде былтырдан бері 29 мың тонна қоқыс шығарылған. Жыл басынан бері 5 мың тоннадан астам тұрмыстық қалдық жиналып, арнайы полигонға жеткізілді.
Анар Шамшадинова, «Amanat» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары:
- «Таза Қазақстан» деп аталатын Мемлекет басшысының бастамасы үлкен бір жалпы Ұлттық идеяға айналды. Әрине негізгі мақсат-айналаны тазалау, айналаны таза ұстау, табиғатты қорғау. Дегенмен, оның түпкі мақсаты — адамның бойының, ойының, рухани ішкі тазалығының мәдениетін қалыптастыру. Бұндай тазалық жұмыстары тек науқандық қана емес, бұл біздің өмір салтымызға айналуы керек.