Қостанай облысының Амангелді, Жангелдин аудандарында егіс алқаптарын киік таптап жатыр.

Былтыр да шегіртке мен киіктен алқаптарын қорыған шаруалар гектарынан 9 центнерден өнім алған. Биыл тіпті шығынға батамыз ба деп алаңдаулы. Осы көктемде шалғайдағы аудандардың диқандары 29 мың гектарға майлы дақыл, 190 мың гектарға бидай екті. Енді қазір қып-қызыл еңбек киіктің тұяғының астында қалды дейді олар. Сондықтан шабындық пен егістіктерді қорғау үшін 9 мобильді топ құрылды.

Пётр Бураченков, орман шаруашылығы аумақтық инспекциясы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы:

Қазір инспекция, «Охотзоопром»,«Наурызым» қорығы мен «Алтын дала» табиғи резерват қызметкерлері жергілікті шаруаларға киіктерді қуысып жатыр. 15 мамырдан бастап 23 адамнан тұратын бригада жұмысын бастады. Ортақ чат құрылды.Шаруалар киік түскен бетте хабарлап отырады. Ал өңірдегі киіктердің биылғы саны әзір белгісіз.

Мәдина Нағашыбай