Елде электрмен жабдықтау , су бұру және жылумен қамтамасыз ету желілерінің тозу көрсеткіші орта есеппен 50%-тен асқан. Қалалық жолдардың үштен бірінің және ауылдық жолдардың шамамен 40%-інің жағдайы көңіл көңшітпейді.
Бұл туралы Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Орнықты даму мақсаттары жөніндегі парламенттік комиссияның кезекті отырысында айтты. Ол қалалар мен елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту үшін орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ қоғамдық институттардың жүйелі назары мен үйлесімді жұмысы қажет екенін тілге тиек етті. Жоғарғы Палата төрағасы елдегі еңбек көші-қоны мәселесіне де тоқталды.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Кейбір өңірлерде еңбек күшінің көлемі де, адамдардың саны да азайып жатқаны жасырын емес. Атап айтсақ, оңтүстік өңірлерде адам санының біраз өсу қарқыны бар сияқты. Сондықтан бұл жерде еңбек миграциясын ынталандыру, жүйелі түрде ұйымдастыру – сенаторлардың көтеріп жатқан үлкен мәселелерінің бірі. Еңбек миграциясы дегенде, ішкі еңбек миграциясын айтып отырмыз.