Олимпиада чемпионы Елдос Сметов әлеуметтік желіде дастархан басындағы видеосын жариялап, жазба астына «Жақсы жаттығу жасаған жерде жақсы тамақтану керек» деп жазды. Спортшының жазбасы көпшіліктің қызу талқысына түсті. Бірі балуанның қарапайым болмысын мақтап , ақ тілегін жаудырса, енді бірі сын пікір де қалдырған, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Желі қолданушыларының бір бөлігі спортшыны қолдап, жылы лебізін білдірді.

«Ұтпаған нәрсесі жоқ! Олимпиада чемпионы, қазақта ерлер көп шығар, бірақ Олимпиада чемпиондары аз! Ас болсын»,

«Қазақ спортының легендасы»,

«Ас болсын чемпион!»,

«Қалай жесе де, қалай жүрсе де жарасады»,

«60-ты қойып, 66-ның чемпионы боласың ау осы», – деп жазды оқырмандар.

Алайда жазба астында сын айтқандар да болды.

«Бізде нанға ақша әрең тауып жатқан адамдар бар, көздері тиіп кетпесін. Біздің менталитетті ұмытпайық, жігіттер»,

«Тамақтарын түсірмесе болмай ма, не жегенін көрсету керек пе»,

«Жаман адам ішкен жегенін айтады деу», – деген пікірлер де жарияланған.

Ал кейбір оқырмандар әзілге бұрып, спортшының тамақтану рационын UFC жұлдызы Арман Царукянмен байланыстырып та үлгерген.

«Мынаны Царукян көрсе жылайды»,

«Елдос Смерукан», – деп қалжыңдаған желі қолданушылары да бар.

Жазбаға қатысты пікірлердің әр алуандығы Олимпиада чемпионының қарапайым постының өзі қызу қоғамдық талқыға айналғанын көрсетті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от YELDOS SMETOV (@yeldos60kg)