Оңтүстік Кореяның арнайы прокуроры экс-президент Юн Сок Ёльге 10 жылға дейін түрме жазасын тағайындауды сұрады. Ол елде саяси науқанды қаржыландыру туралы заңды бұзды деп айыпталып отыр.
Тергеу дерегіне сәйкес 2024 жылдың 3 желтоқсанында экс-президент елде әскери жағдай енгізбек болғаны үшін биліктен шеттетілген еді. Салдарынан мемлекеттік органдардың қалыпты қызметі тоқтаған. Ал аталған іске қатысты сот үкімі 16 қаңтарда жарияланбақ.