Президент еліміздің әлеуметтік-экономикалық және өнеркәсіптік дамуына елеулі үлес қосқан Жамбыл облысының бір топ азаматын мемлекеттік наградалармен марапаттады.
Тиісті Жарлыққа бүгін қол қойылды. Атап айтқанда, гидротехник Мағауия Өтелбаев пен шопан Бейсенбек Маханұлыға «Құрмет» ордені табысталды. Сондай-ақ еңбек адамдарына үшінші дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медальдері берілді.