2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шектері орташа есеппен 10% көбейеді. Яғни, жаңа жылдан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) алуға болатын соманың бір бөлігі қолжетімсіз болады, деп хабарлайды Egemen.kz.


Мысалы, 40 жастағылар үшін лимит 6 100 000 теңгеден 6 720 000 теңгеге дейін өседі. Яғни, биыл 620 000 теңгеге көбірек алу мүмкіндігі бар.

2026 жылғы зейнетақы жинақтарының жаңа шектері:

Жас 2026 жылғы шек, тг 2025 жылғы шек, тг
20 3 720 000 3 260 000
21 3 850 000 3 380 000
22 3 990 000 3 510 000
23 4 120 000 3 630 000
24 4 260 000 3 760 000
25 4 390 000 3 890 000
26 4 530 000 4 030 000
27 4 680 000 4 160 000
28 4 820 000 4 300 000
29 4 970 000 4 440 000
30 5 120 000 4 580 000
31 5 270 000 4 720 000
32 5 420 000 4 870 000
33 5 570 000 5 010 000
34 5 730 000 5 160 000
35 5 890 000 5 310 000
36 6 050 000 5 470 000
37 6 220 000 5 620 000
38 6 380 000 5 780 000
39 6 550 000 5 940 000
40 6 720 000 6 100 000
41 6 890 000 6 270 000
42 7 070 000 6 440 000
43 7 250 000 6 610 000
44 7 430 000 6 780 000
45 7 610 000 6 950 000
46 7 800 000 7 130 000
47 7 990 000 7 310 000
48 8 180 000 7 490 000
49 8 370 000 7 670 000
50 8 570 000 7 860 000
51 8 770 000 8 050 000
52 8 970 000 8 240 000
53 9 180 000 8 440 000
54 9 390 000 8 640 000
55 9 600 000 8 840 000
56 9 810 000 9 040 000
57 10 030 000 9 250 000
58 10 250 000 9 460 000
59 10 480 000 9 670 000
60–62 10 700 000 9 890 000

Зейнетақы төлемдерін алу 5 қаңтарға дейін тоқтатылады

Жаңа жылы біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) алуға өтініш тек 5 қаңтардан бастап қабылданады, себебі 2026 жылғы 1-4 қаңтар – демалыс күндері. Бұл аралықта БЗТ бойынша барлық операциялар қолжетімсіз болады.

Зейнетақы жинағымен пластикалық ота жасауға тыйым салынды

Ескі жеткіліктілік шектерімен зейнетақыны қалай шешіп үлгеруге болады?

Отбасы банктің хабарлауынша, зейнетақы жинағын алу туралы өтініштерді 31 желтоқсан сағат 18:00-ге дейін беруге болады.

Бұл ретте:

  • 29 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) берілген өтініштер БЖЗҚ-да осы жылы өңделеді;

  • 30-31 желтоқсанда жіберілген өтініштер екі жұмыс күні ішінде қаралады.

Ескі шектермен зейнетақыны шешіп алу үшін өтініш 31 желтоқсан сағат 18:00-ге дейін БЖЗҚ-да қабылдануы тиіс.

Соңына дейін күтпей, өтінішті мүмкіндігінше ертерек беру ұсынылады.

31 желтоқсанда арнайы шот ашуға бола ма?

Отбасы банктің мәліметінше, біржолғы зейнетақы төлемдеріне арналған арнайы шоттар бойынша операциялар 31 желтоқсан күні сағат 16:00-ге дейін ғана жүргізіледі.

Зейнетақы 10%-ға өседі: 2026 жылы зейнеткерлер қанша теңге алады?

Бұл уақытқа дейін:

  • БЗТ бойынша арнайы шот ашу және жабу;

  • қаражатты тұрғын үй құрылыс жинақ салымдарына аудару;

  • екінші деңгейлі банктерге аудару;

  • арнайы шоттардан БЗТ-ны беру қолжетімді болады.

Зейнетақыны салықсыз қалай шешіп алуға болады?

Салық төлемеу үшін өтініш берген кезде «Жеке табыс салығын кейінге қалдыру» нұсқасын таңдау қажет, яғни салықты зейнетке шыққан кезде төлеу.

Егер «Салықты бірден төлеу» таңдалса, сомадан 10% ұсталып қалады және оны кейін қайтару мүмкін болмайды.

Ал 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы жинағын алу кезінде 10% жеке табыс салығы толықтай алынып тасталады.