Израиль Иранға шабуыл жасауы мүмкін. Бұл туралы Axios ақпарат агенттігі мәлімдеді.
Израиль Қарулы күштері Бас штабының бастығы Эяль Замир АҚШ Орталық қолбасшылығының басшысы Брэд Купермен телефон арқылы сөйлескен. Әңгіме барысында Иранның баллистикалық зымыран бағдарламасын күшейтіп жатқаны айтылған. Израиль Тегеранның әрекеті күтпеген шабуылға әкелуі мүмкін деп алаңдаушылық білдірді. Сөйтіп АҚШ күштерін Израиль әскерімен қорғанысқа дайындықты үйлестіруге шақырды. 29 желтоқсанда Дональд Трамп пен Биньямин Нетаньяху келіссөз өткізеді.