Air Astana ұшағы түтінге байланысты Алматы әуежайына шұғыл қонды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2025 жылғы 17 желтоқсанда сағат 07:38-де (Астана уақыты бойынша) Алматы – Астана бағыты бойынша КС-851 тұрақты жолаушылар рейсін орындау барысында Air Astana АҚ-ның пайдалануындағы Airbus A321N EI-KDG әуе кемесінде авиациялық оқиға болды.

"Қазаэронавигация" РМК Әуе қозғалысын жоспарлаудың бас орталығы ұсынған ақпаратқа сәйкес, әуе кемесінің бортында түтін пайда болуына байланысты экипаж MAY-DAY апаттық сигналын жариялаған", — делінген хабарламада.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жолаушылар мен экипаж мүшелері арасында зардап шеккендер жоқ.

Ұшақ сағат 07:40-та қонған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Алматы әуежайының ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметі жұмылдырылған.

"Қазір авиациялық оқиғаның мән-жайларын Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері нақтылап анықтап жатыр".

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget