18-20 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Жапонияға барады.
Сапар аясында Император Нарухитомен, Премьер-министр Санаэ Такаичимен, сондай-ақ Жапонияның іскерлік орта өкілдерімен кездесу жоспарланған, — делінген Ақорданың хабарламасында.
Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті «Орталық Азия – Жапония» саммитіне қатысады.
Тоқаев қараша айының басында Ақ үйге барып "Орталық Азия+АҚШ " саммитіне қатысып келген еді.
Сонымен бірге "Орталық Азия+Қытай" саммиті де тұрақты өтіп келеді.