Әсел Жанасова Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Әсел Жұбанышқызы Жанасова Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", — деп жазылған хабарламада.
1987 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
- 2010 жылы «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша Кембридж университетінде (компьютерлік ғылымдар саласы) білім алған. 2014 жылы Кембридж университетінде магистратураны тәмамдаған. Мәскеу мемлекеттік университетінде «Executive Management» бағдарламасы бойынша оқыған.
- 2010-2014 жылдары – Лондон қаласындағы халықаралық компанияның ақпараттық технологиялар жөніндегі маманы, Ақпараттық технологиялар басқармасының менеджері, Киберқауіпсіздік департаментінің директоры;
- 2014-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Цифрлық технологиялар департаменті директорының орынбасары;
- 2016-2017 жылдары – «Зерде ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы;
- 2017-2018 жылдары – «Астана» халықаралық қаржы орталығы басқарушысының кеңесшісі;
- 2018-2020 жылдары – «Астана» халықаралық қаржы орталығының цифрлық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры;
- 2020-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің орынбасары;
- 2022-2025 жылдары – «Қазпошта» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы;
- 2025 жылғы 8 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!