Еуроодақ 2030 жылға қарай су тұтынуды 10%-ке дейін қысқартпақ, деп хабарлайды 24kz.

Financial Times басылымының дерегі бойынша тиісті құжат жобасы келесі айда бекітілуі мүмкін.

Еуроодақ елдерінде инфрақұрылымның тозығы шыққан. Осының салдарынан судың 25%-і далаға ағып кетеді. Сондықтан ескірген су құбырларын жаңарту үшін жылына 23 млрд еуро бөлінеді.

Айта кетейік, бұл шара Одақ елдеріндегі ауызсу тапшылығы және қуаңшылық қаупімен байланысты қабылданып отыр.