Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнайы салық режиміне рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізімі бекітілді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Құжатта 40 қызмет түрі қамтылған:

  • мал шаруашылығын дамытуға бағытталған қызмет;
  • музыкалық аспаптарды жасау;
  • сылақ жұмыстары;
  • ағаш ұстасы жұмыстары;
  • еден төсеу және қабырға қаптау;
  • сырлау және әйнек жұмыстары;
  • желі маркетингі арқылы бөлшек сауда;
  • такси қызметі;
  • өзге де пошта және курьер қызметтері (жеке пошта қызметтерінен бөлек);
  • дайын тамақты жеткізу;
  • өз меншігіндегі немесе жалға алынған жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару;
  • фотоқызмет;
  • ауызша және жазбаша аударма қызметі;
  • ветеринария қызметі;
  • жеке қолдануға арналған, тұрмыстық мақсаттағы басқа бұйымдарды жалға беру және лизинг;
  • тұрғын үйлерді тазалау;
  • коммерциялық қызмет бойынша көмектесу;
  • спорт және демалыс саласындағы білім беру;
  • мәдениет саласындағы білім беру;
  • өзге де білім беру қызметтері (басқа санаттарға кірмейтін);
  • көркем және әдеби шығармашылық;
  • компьютерлер мен перифериялық жабдықтарды жөндеу;
  • байланыс құралдарын жөндеу;
  • электрон тұрмыстық техниканы жөндеу;
  • тұрмыстық құрал-жабдықтарды, үй және бақша жабдықтарын жөндеу;
  • аяқ киім жөндеу;
  • табиғи және жасанды былғарыдан жасалған галантерея өнімдерін жөндеу;
  • жиһаз және интерьер бұйымдарын жөндеу;
  • қолсағаттар мен басқа да сағаттарды жөндеу;
  • зергерлік бұйымдарды жөндеу;
  • тоқыма және трикотаж бұйымдарын ретке келтіру;
  • тігін бұйымдарын, бас киімдерді және тоқыма өнімдерін ретке келтіру;
  • тері бұйымдарын, сондай-ақ, бас киімдерді реттеу;
  • музыкалық аспаптарды жөндеу;
  • кілемдерді жөндеу;
  • велосипедтерді жөндеу;
  • жеке қолдануға арналған және тұрмыстық басқа да тауарларды жөндеу (басқа санаттарға кірмейтін);
  • шаштараздар мен сұлулық салондарының қызметтері;
  • үй шаруашылықтарының үй қызметкерлерін жалдауы;
  • үй шаруашылықтарының өз қажеті үшін тауар өндіруі.

Құжат 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Еске салайық, бұған дейін де вице-премьер, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2026 жылдан бастап жеңілдетілген декларация бойынша қандай қызмет түрлері арнайы салық режимі шеңберінде жұмыс істей алатынын айтты.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget