Алматыда Қаңтар оқиғасына қатысты іс бойынша апелляция аяқталды. Бұған дейін бұл іс бойынша Арман Жұмагелдиев сотталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Апелляция шешімі
26 қарашада Алматы қалалық сотының апелляция алқасы істің негізгі қатысушыларына қатысты бірінші сатыдағы сот үкімдерін өзгеріссіз қалдырды.
Дикий Арманға қатысты іс
Еске салайық, 2025 жылы Алматыда Дикий Арман лақапатымен танымал Арман Жұмагелдиевтің қылмыстық тобы жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырғаны және азаматтарды ұрлағаны үшін сотталды.
©️ Tengrinews.kz
27 қаңтарда Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қаңтар оқиғасына қатысты іс бойынша сот шешімі шықты. Осылайша, Арман Жұмагелдиевтің қылмыстық тобының басшылары мен қарулы тобының мүшелеріне, ҰҚК-нің 5-департаментінің экс-басшысы Руслан Ысқақовқа, Алматы қаласы мәслихатының экс-депутаты Қайрат Құдайбергенге және басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық іс аяқталды.
Руслан Ысқақов/Ақбота Сіләм
facebook.com/KudaibergenKairat
Сот үкімімен Арман Жұмагелдиев ҚР ҚК-нің 262-бабы 1-бөлігі, 268-бабы 1-бөлігі, 272-бабы 1-бөлігі, 272-бабы 2-бөлігі, 28-бабы 3-бөлігі, 125-бабы 3-бөлігі, 1-тармағы, 126-бабы 3-бөлігі, 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
видео кадры
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!