Әнші Ғалымжан Сүлейменнің адвокаты Инга Иманбай қоғамда қызу талқыланып жатқан іске қатысты жаңа дерек айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жаңа дерек
Ғалымжан Сүлейменге ота жасалғаны, ол ауруханада жатқаны белгілі болды.
"Кеше полиция (Мұқасанды — еск.) таппай жатыр деп хабарлап едік. Қазір ұсталды. Жедел тергеу әрекеттері басталды. Оған Ғалымжан мырза екеуміз де қатысуымыз керек, яғни беттестіру деген сияқты іс-шаралар. ...Қасақана мотивпен, алдын ала сөз байласу арқылы денсаулыққа зиян келтірілгенін, бірнеше күн бойы оның жауапкершіліктен қашып жүргенін ескерсек, міндетті түрде түрме жазасы болуы керек. Біз соны талап етеміз", — деді ол.
Бұл жағдайға байланысты Massaget.kz полицияға сауал жолдады.
Мән-жайы
Еске салайық, бұған дейін Мұқасан Шахзадаевқа қатысты тосын ақпарат тарады. Мәліметке сүйенсек, даудың басы әннен шыққан. Ғалымжан Сүлейменнің сөзінше, кейін жағдай ушығып, бірнеше адаммен бірге жүрген Мұқасан Шахзадаев оған күш қолданған.
Алматы Полиция департаменті мәліметінше, бұл жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!