Текемет, сырмақ, түскиіз.
Алматыда «Шығыс базары» фестиваль-көрмесі ашылды. Игі дәстүрге айналған шара биыл 9-рет өтіп жатыр. Мұнда құрақтан ою-өрнек салып, әдемі киіз басудың ісмерлері жиналған. Ұзын саны 100-ден аса авторлық жұмыс қойылды. Олардың арасында қазақтың дәстүрлі стилінде істелген үй жабдықтары мен арт-көрпелер бар. Ұлы ақын Абай Құнанбайұлы мен голливудтық актёр Брэд Питтің құрақтан құралған потреттері де көрерменнің қызығушылығын тудырды. Көрмені Ұлттық орталық музей мен Қазақстанның құрақ құрастыру шеберлерінің қауымдастығы ұйымдастырды. Фестиваль соңында қазылар алқасының жоғары бағасын алған авторлар марапатталады. Қолынан өнер тамған ісмерлер шеберлік сабағын өткізеді. Бұл көрме ұрпақ арасындағы байланысты нығайтады. Келушілер өткен ғасырдың 40-70-жылдары жасалған түскиіздермен де танысты.
Наталья Кривец, қазылар алқасының мүшесі:
- Бұл үйлену тойына арналған түскиіз. Себебі мұнда екі шеңбер бейнеленген. Әдетте бұл некені білдіреді. Бұл түскиіз анасының қызына арнап тіккені сияқты. Себебі шебердің қолы бар, Үмітхан деп жазылған. Қасында өте ұсақ әріптермен Еркежанға деген жазуды көруге болады. Мұнда бейнеленген екі аққу жас жұбайларға арналған тілек.