10 желтоқсаннан бастап Аустралия әлемде алғаш болып әлеуметтік желілерге жас шектеуін енгізеді. Енді 16 жасқа толмаған аустра лиялықтар «Facebook», «Instagram», «TikTok», «Snapchat», «YouTube», «X», «Threads», «Reddit», «Kick» платформаларына кіре алмайды.
Компаниялар осы күннен бастап кәмелетке толмаған барлық аккаунтын толықтай өшіруге міндетті. Талап орындалмаса, 49,5 миллион аустралия долларына дейін айыппұл салынады. Әлеуметтік желілердің жұмысын бақылау және ереженің орындалуын қадағалау электрондық қауіпсіздік комиссарына жүктелген. Комиссар аталған платформаларды ресми түрде «жас шектеулі қызметтер тізіміне» енгізгенін хабарлады.