Түркістан облысының Қазығұрт ауданында осал топқа берілген пәтерлердің жағдайы жұртты шошытты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жаңа үйдің есігі қазір қирап, қолдануға жарамай тұр. Әлеуметтік желіде @qazygurt_official парақшасында жарияланған видеода халық шағым айтуда. Видео түсірілімде тұрғындар өздерінің ашу-ыза сезімін білдіріп жатыр.
Аудан әкімдігі бұл жағдайға жауап бермей, мәселені жылжытпай отыр. Ал пәтерлердің сапасыз құрылысын тұрғындар әлеуметтік желіде әшкерелеп жатыр. Осындай “сыйлықтар” адамдардың сенімін қайтарады ма, әлде сенімсіздікке батырады ма деген сұрақ туындайды. Жергілікті билік халық алдындағы міндетін орындауға әзір ме, әлі белгісіз.