«Рак» ауруынан қорықпауымыз керек — сарапшы.
Онкология — үкім емес. Сарапшылардың айтуынша, рак ауры жасарып келеді. Алайда аман қалу көрсеткіші өсіп отыр. Ғылыми жетістіктерге қарамастан жаман аурудың атын естіген адамдарда қорқыныш әлі де басым. Дәрігерлердің пікірінше, дәл осы қорқыныш ерте диагностика мен емдеуге кедергі жасайтын басты фактор. Caravan.kz медиа порталының тілшісі дәрігер маман мен рак ауруын жеңген батыл қыздың оқиғасын негізге алып тақырыпты зерттеп көрді.
Рак жасарып келеді
Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, Қазақстанда жыл сайын 40 мыңға жуық жаңа онкологиялық жағдай тіркеледі. Орта есеппен күніне 110 диагноз. Пациенттердің орташа жасы — 57 жас, алайда 40 жасқа дейінгі адамдар арасында да жағдайлар көбейіп келеді. Мамандардың айтуынша, бұл алаңдатарлық сигнал. Сонымен қатар аман қалу көрсеткіші де өсіп отыр. 2010 жылы бес жылдық аман қалу 42% болса, 2024 жылы — 58%. Яғни, әр екінші пациент диагноз қойылғаннан кейін бес жылдан да ұзақ өмір сүріп жатыр.
«Рак жасарып келеді, бірақ өмір сүру мүмкіндігі артып отыр. Адамдар ертерек қаралады, диагностика дәлірек, медицина технологиялық деңгейде. Біз «онкология» сөзінен қорықпауымыз керек. Бұл қазір үкім емес, бақылауға болатын ауру», — дейді онколог Болат Сақташев.
«Маған төртінші сатысы деп айтты»: Ақсәуленің тарихы
39 жастағы Ақсәуле берген сұқбатында басынан өткен оқиғасымен бөлісті.
«Бәрі қарапайым УДЗ-ден басталды. Дәрігер сүзілген ұлпада күмәнді өзгеріс бар, биопсиядан өту керек» деді. Мен рак болады деп ойламадым»,- дейді ол.
Бірнеше күннен кейін биопсия қорқынышты диагнозды растады. Алғашында екінші саты, кейін ПЭТ-КТ нәтижелері бойынша төртінші саты, өкпе мен лимфа түйіндерінде метастаздар анықталды.
«Маған мұндай жағдайда тек паллиативтік ем қолданылады деп айтты. Бес жылдық өмір сүру мүмкіндігі — 13%. Сол кезде мен екі жылға да жетпеймін деп ойладым», — дейді Ақсәуле.
Алайда алты айлық химия терапиясы мен ұзақ реабилитациядан кейін бақылау нәтижелері зиянды жасуша қалмағанын көрсеткен.
«Мен өзімді қайта туылғандай сезіндім. Қорқыныш сезімі кетті. Рак үкім емес екенін түсіндім, бұл адамды өзгертетін сынақ, — дейді Ақсәуле.
Онкология — үкім емес
Дәрігер-онколог Болат Сақташев рак ауруының жасарып келе жатқанын растайды.
«Бұрын біз көбіне 50 жастан асқан науқастарды көретінбіз, ал қазір 30-40 жас аралығындағы әйелдер көбейіп келеді. Ең бастысы аман қалу көрсеткіші өсіп отыр. Адамдар қаралуға ертерек келеді, медицина да алға жылжып келеді, — дейді ол.
Дәрігердің айтуынша, ауруға деген қоғамдық көзқарасты өзгерту керек.
«Біз «онкология» сөзінен қорықпауымыз керек. Бұл емделетін ауру. Бастысы, кешіктірмей, жасырынбай қаралу. Сол кезде ғана біз көмек көрсету мүмкіндіктерімізді толық қолдана аламыз», — дейді дәрігер.
Онкологтың пікірінше, Қазақстан бұл жолда үлкен жетістіктерге жетті.
«Қазақстандағы онкология экстримдік медицинадан жүйелі жұмысқа айналды. Бастысы уақытында диагноз қою және уақытты жоғалтпау», — дейді ол.
Сонымен қатар, соңғы жылдары емдеу протоколдары жаңарған, ядролық медицина дамып, заманауи препараттар мен линейлік үдеткіштер пациенттерді тек өмірін ұзартуға ғана емес, белсенді әлеуметтік өмірге қайта қосуға мүмкіндік беретінін қосады.
Жаңа технологиялар: миллиметрлік дәлдік
Қазіргі технологиялар онкологиялық көмектің құрылымын түбегейлі өзгертті. Соңғы 10 жылда Қазақстан онкоорталықтарды лайндық үдеткіштермен жабдықтауға 100 миллиард теңгеден астам инвестиция салды. Қазір елімізде 34 заманауи үдеткіш бар, олар Varian және Elekta компанияларының өндірісі. Осындай жабдық Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент және аймақтық орталықтарда орнатылған.
«Линейлік үдеткіштер терапияны миллиметрлік дәлдікпен жүргізуге мүмкіндік береді. Біз ісікті жойып, сау тіндерді барынша сақтай аламыз. Бұл емдеудің мүлде жаңа деңгейі, — дейді Сақташев.
Әр сеанс бірнеше минутқа созылады, бірақ 20-35 процедурадан тұратын ем курсын талап етеді. Процедура арасындағы үзіліс 24 сағаттан аспауы керек, әйтпесе ісік жасушалары қалпына келеді.
Радиация: қорқыныш емес, ем
Қазіргі сәулелік терапия науқасқа да, персоналға да қауіпсіз. Процедуралар барит бетоннан жасалған үш метрлік қабырғалары бар бокстарда жүргізіледі, бұл сәулені толық жұтады.
«Бұрынғы «гамма-пушкалардың» орнына сеанс кезінде ғана сәуле шығаратын линейлік үдеткіштер келді. Демек, дәрігерлер жанында болса да сәулеленбейді, — дейді онколог.
Қазіргі медицина әр пациентке бейімделеді. Классикалық химия мен сәулеленуден басқа, таргеттік терапия, иммунотерапия және радионуклидтік әдістер белсенді қолданылады.
«Біз жаңа буын препараттарын қолданамыз, олар ісікке дәл әсер етеді және сау тіндерді сақтайды. Қазір онкология органдарды сақтау бағытында дамуда. Бұрын толық алынатын болса, қазір науқас сапалы өмір сүре алатындай қалдырылады, — дейді Болат Сақташев.
Скрининг және ерте диагностика
Егер рак ерте сатыда анықталса, аман қалу көрсеткіші 95-100% жетеді. Сондықтан дәрігерлер профилактикаға ерекше мән береді. 2008 жылдан бері Қазақстанда үш негізгі рак түрі бойынша ұлттық скрининг бағдарламасы жұмыс істейді — сүт безі, жатыр мойны және тоқ ішек. Жыл сайын шамамен 1,8 миллион адам тексеруден өтеді.
Дегенмен халықтың жауапкершілігі әр түрлі, өңірге байланысты 25–70% аралығында.
«Біз заманауи орталықтар салдық, бірақ адам ерте қаралмаса, медицинаның пайдасы жоқ. Сол себепті скрининг кез келген дәрі-дәрмектен басым», — деп атап өтті Сақташев.
Адам факторы: психология, сенім және қолдау
Мамандардың айтуынша, қазіргі онкология тек химия мен операциямен емдемейді, адамның психологиялық жағдайы да маңызды.
«Мен ғажайып іздемедім. Дәрігерлерге көмектестім, дем алу практикасы, медитация, психологпен жұмыс істедім. Менің ойымша бұл табыстың 50 пайызы. Қорқыныш кеткенде, организмде басқа механизм іске қосылады», — дейді Ақсәуле.
Америкалық зерттеулерге сүйенсек, медитация мен психотерапия стресс деңгейін төмендетіп, ем тиімділігін арттырады екен.
«Психоэмоциялық жағдай терапия нәтижесіне тікелей әсер етеді» — дейді онколог.
Аурудан кейінгі өмір
Емделгеннен кейін Ақсәуле жұмысқа оралып, шығармашылық және қоғамдық қызметке кірісті.
«Өлім қорқынышы кеткен соң қалыпты өмір сүре бастадым. Бұрын үнемі ренжіп, өзімді және өзгелерді сынайтынмын. Қазір әр күннен ләззат аламын. Дәрігерлерге, отбасыма, жоғары күшке ризамын», — дейді ол.
Қазір ол басқа әйелдерге көмек көрсетіп, әлеуметтік желіде өз оқиғасымен жиі бөліседі.
«Егер менің тәжірибем басқаларға үміт сыйлайтын болса, онда бәрі бекер емес», — дейді ол.
Енді онкология үкім емес. Ауру жасарып келгеніне қарамастан, аман қалу көрсеткіші де өсіп отыр. Заманауи препараттар, ерте диагностика, жаңа технологиялар және пациенттердің ашықтығы оптимизмге негіз береді. Егер жиырма жыл бұрын рак диагнозы өмірмен қоштасуды білдірсе, қазір әркімнің мүмкіндігі бар күрес.
«Біз тек ауруды емес, қорқынышты да жеңуді үйрендік», — дейді онколог Болат Сақташев.
«Демек, біздің қолымызда басты дәрі — өмірге сеніміміз бар», — деп қосты Ақсәуле.