Алматыда жексенбіде Наурызбай ауданындағы Алтын Орда көшесіндегі ғимараттан өрт шықты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазір Алматының өртсөндірушілері Наурызбай ауданындағы Алтын Орда көшелерінің бойында орналасқан ғимараттағы өртті сөндіріп жатыр", – делінген хабарламада.
ТЖМ дерегінше, зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Өрт жоғары дәрежеде сөндіріліп жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Almaty News (@almatynews_kaz)
Нақтыланған ақпарат бойынша, балалар үйінің аумағында асхананың ғимараты және оған жапсарлас үш қабатты ғимараттың шатыры өртеніп жатыр. Әкімшіліктің айтуынша, ғимаратта адамдар жоқ — тәрбиеленушілер дер кезінде эвакуацияланып, қауіпсіз қашықта орналасқан. Оқиға орнында қалалық ТЖД бастығы бар.
Құтқарушылар өртті тиімді сөндіру үшін шатырды ашу жұмыстарын жүргізіп, өрттің аумағы нақтыланып жатыр. Нысанға газ беру жедел түрде тоқтатылды. Тиімді жұмысты қамтамасыз ету үшін өрт сөндіру автосатысы арқылы лафеттік оқпандармен су беріліп жатыр.
Өрт сөндіру автоцистерналары гидранттарға қосылып, үздіксіз су беру қамтамасыз етілді. Оқиға орнында газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары жұмыс істеп, ғимараттың ішінде барлау және сөндіру жүргізіліп жатыр.
Жедел штаб құрылды, жағдайға тұрақты бақылау жасалды. Сондай-ақ, өрт орнына қаланың барлық қызметі келді. Өртті толық сөндіру бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!