Қазақстан 2029 жылға дейін жасанды интеллект өнімдерінің экспортын 5 млрд долларға ұлғайтады.

Жоспарға жету үшін «Alem.AI» халықаралық жасанды интеллект орталығы іске қосылды. Елордада бой көтерген кешенде мектеп оқушылары, студенттер, кәсіпкерлер мен ғалымдар зерттеу жасап, стартап жобаларды жүзеге асырады. Бұл бастама заманауи технологияларға қолжетімділікті арттырады. Жыл сайын мыңдаған маман даярлау көзделген. Бүгінде бұл бағытта оқыту шаралары басталып кетті. Жоба жаңа жұмыс орындарын ашуға, салаға халықаралық компанияларды тартуға ықпал етпек.