Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасы Қайрат Беркінбаев туралы жазба жариялады , — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
"Өмір сүруге бір-ақ шанс… Сізде де, менде де. Жалғыз берілген өмір атты мүмкіндігімде осындай сынақ келді. Қалай көтеріп келемін дейсіз бе? Ешқалай. Уақыт емдемейді, тек жеңілдетеді. Бәрі сол қалпы. Тек азаматым жоқ. Әдеттегідей жұма сайын құран оқимыз, иіс шығарамыз, бірақ төріміз бос. Әдеттегідей түстенеміз, тек отағасы жоқ. Әдеттегідей жырақта жүрсек, күнде кешке видеомен байланысамыз. Тек енді әкесіз. Әдеттегідей апта сайын гүл аламын, бірақ енді өзім не ұлдарым сыйлайды", – деп жазды тележүргізуші.
Ләйлә Сұлтанқызы жарынан айырылғандарға кеңес берді.
"Менікіндей ауыр жүкті арқалап жүрген тағдырластарым! Сіз бен біздің жүзіміздегі күлкі, еңбек, даму — балаларымыздың жарқын болашағы, өзіміздің денсаулығымыз бен ішкі тыныштығымыз. Жаныңызға жақын іс табыңыз", — дейді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!