Шымкенттің бұрынғы әкімі Мұрат Әйтеновтің туған ағасы Марат Әйтенов пен оның бұрынғы жұбайы мүлікке қатысты келісімге келді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мән-жайы
Былтыр 12 шілдеде әлеуметтік желіде Марат Әйтеновтің бұрынғы жұбайы Дана Әтешованың видеосы тарады. Ол өзін бұрынғы күйеуі мен оның өкілдері, сондай-ақ, полиция қызметкерлері үйден күштеп шығармақ болғанын айтты. Дана Әтешованың сөзінше, күш қолдану дерегі де болған.
Осы оқиғадан кейін Марат Әйтеновке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Былтыр 2 тамызда Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты оны ҚР ҚК-нің 109-бабы бойынша 12 тәулікке қамау туралы шешім шығарды.
Мүлікке қатысты келісім
7 қарашада Дана Әтешова мүлікті бөлу бойынша медиативтік келісімге келгенін айтты.
"Мүлікке қатысты медиативтік келісімге қол қойдық. Сот бекітті, екі жақ та келісімге риза", — деп жазды ол.
Алайда, Дана Әтешованың айтуынша, алиментке қатысты мәмілеге келу мүмкін болмаған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Дана Атешова (@dana_ateshova)
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!