БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Судандағы соғыстың шектен шықанын мәлімдеді. Бұлай кете берсе, жарты жылда елдегі 24 млн-нан астам адам аштан қырылуы мүмкін. Кейінгі кездері мұнда қарулы қақтығыс күшейген. Бұған дейін жедел әрекет ету күштерінің бүлікшілері Эль‑Фашер қаласын басып алды.

Дүрбелең кезінде екі мыңнан астам бейбіт тұрғын көз жұмған. Елде жаппай қылмыс өршіп, халықаралық гуманитарлық құқық талаптары өрескел бұзылды. Этникалық зорлық-зомбылық ушығып барады. Еске салайық, Судандағы азаматтық соғыс 2023 жылдың сәуір айында басталған. Содан бері 14 млн-нан астам тұрғын ел ішінде босып жүр.