Бүгін кешке Алматыда10 балдық көлік кептелісі тіркелді. Оңтүстік астанада ауа райы күрт бұзылып, салдарынан қала көшелеріндегі жағдай да ушықты , деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
2ГИС қосымшасының ақпаратына сәйкес, 17:50-дегі жағдай бойынша Алматыдағы көлік кептелісі 10 балға жетті. Қаланың орталық көшелері мүлдем қозғалыссыз қалды.
Оған қоса оңтүстік астанада бірқатар жол апаты болды. Салдарынан кейбір жерлерде көлік қозғалысы шектелді.
"Жаяу жүргенге не жетсін", "Әлі сағат 6 болған да жоқ", "Жаңбыр ғана жауды ғой", "Достар, сабыр сақтаймыз", "Қыс әлі басталмады. Қар жауса қатер екенбіз", — деп жазуда көпшілік.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз