Елде мектептер, ауруханалар, сот орындары, көлік және коммуналдық қызметтер жұмысын тоқтатты.

Кәсіподақ ұйымы жалақыны 15 пайызға арттыруды және еңбек жағдайларын жақсартуды талап етіп жатыр. Үкімет табысты 2,5 пайызға көтеруді ұсынған. Бұл шешім ереуілге шыққандардың көңілін көншітпеді. Енді Португалия парламенті мемлекеттік бюджет жобасын талқылап, дауыс беруді жоспарлап отыр. Құжат аясында зейнетақы мен салық саясаты да қарастырылады.