Терапевт Дебора Ли Daily Mail басылымына берген сұхбатында кофені оянғаннан 45 минут өткен соң ішуді ұсынды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дәрігердің айтуынша, оянысымен бірден ішілген кофе денсаулыққа зиян келтірмесе де, одан ұйқы бірден ашыла қоймайды. Ол таңертең кортизол деңгейі ең жоғары шегіне жететінін, белгілі бір әрекеттерді тез орындауға мүмкіндік беретінін түсіндірді. Алайда егер дәл осы сәтте адам кофе ішсе, адамның жүйкесі тозып, шамадан тыс қозу қаупі бар.

Ол кофе ішуге ең қолайлы уақыт ретінде кортизол деңгейі төмендей бастаған кезді атады. Әдетте бұл оянғаннан кейін 30-45 минуттан соң.

Сонымен қатар, дәрігер кофе, әсіресе ұйқысыз түннен кейін ішілген кофе қандағы қанттың күрт өсуіне әкелуі мүмкін екенін ескертті. Бұл өз кезегінде күш-қуат пен көңіл-күйдің одан әрі төмендеуіне себеп болуы мүмкін.

Бұған дейін дәрігер Триша Пасричи кофенің пайдасын арттыру тәсілін ашқан болатын. Оның айтуынша, сусынның пайдалы болуы үшін оған қант пен жасанды тәттіні қоспаған дұрыс.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget