Бүгінде Астана жаһанға бейбітшілік алаңы ретінде танылды.

Меймандос қала әлем көшбасшылары бас қосатын, мемлекетаралық мүдделер тоғысатын, геосаяси тұрақсыздықты реттеуге шақыратын мекенге айналды. Елорда өз беделін батыл қадамдары арқасында қалыптасыра білді, дейді сарапшылар. Бұған дәлел, еліміз 20 жылдан бері әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін тұрақты түрде өткізіп келеді. Сондай-ақ Қазақстан БҰҰ-ның мінберінде адам құқықтарын қорғау, қақтығыс аймағынан бейбіт тұрғындарды қайтару сынды мәселелерді ашық көтеріп жүр.