Полиция 30 мыңнан аса шетелдік пен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ , 2 мыңнан аса нысанды тексерді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тексеріс нәтижесінде көші-қон заңнамасын бұзудың 13 061 дерегі анықталған:
- 9 500-ден аса шетел азаматы жауапкершілікке тартылып, олардың 1 770-і елден шығарылды.
- Көші-қон саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін 2 759 Қазақстан азаматы және шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 707 жұмыс беруші жауапқа тартылды.
- Іс-шара барысында 33 қылмыстық іс қозғалды.
"Мәселен Алматы облысында Жамбыл ауданының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол 139 шетел азаматын тұрақты тіркеуге қою арқылы заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырғаны анықталды", — деді ІІМ өкілдері.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!