Елімізде 303 мектепке дейінгі мекеме ашылды. Президент тапсырмасымен жүзеге асырылған бағдарлама аясында 26 мыңнан аса бүлдіршін жаңа балабақшаға барды. Сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарды қаржыландырудың ваучерлік жүйесі енгізілді.

Пилоттық жоба аясында 20 қала мен жеті аудан қамтылды. Бағдарламаға 4,8 мыңға жуық балабақша қатысады. Өңірлерге 671 мыңнан астам ваучер беріліп, балабақша кезегі азайған. Халықтың әлеуметтік осал санаттарындағы балалар тегін тамақпен қамтылды. Ата-аналарға арналған бес жарым мыңнан астам кеңес беру орталықтары іске қосылды.