15–17 жас аралығындағы «Жас фотограф» аталымында италиялық Андрейа Доминици үздік деп танылды. Ол түсірген кадрда ұзынмүйіз қоңыз өз аумағына кірген бөгде ны­­сан­ды сақтықпен бақылап тұр.

Фотограф бұл сәтті Италияның орта­лығындағы Лепини тауларында серуендеп жүргенде байқаған. Доминицидің еңбегі табиғи мекеннің жойылуы қандай нәзік жүйені бүлдіретінін әсерлі жеткізеді. Өйткені ұзынмүйіз қоңыздар қураған ағаштарды тесіп, саңырауқұлақтардың ішке енуіне жағдай жасап, табиғи ыдырау үдерісін бастайды. Егер олардың мекені жо­ғалса, бүкіл экожүйенің тынысы тарылады.