Биыл Қарағанды облысы Абай ауданының Ягодное және Садовое ауылдарына су құбыры тартылды .
Одан бөлек 5 шалғай елді мекенге су тазарту станциясы орнатылды. Ал Дубовка ауылында кәріз жүйесі жаңартылды. Бұл туралы Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаевтың Қарағанды өңіріне жұмыс сапары кезінде айтылды. Абай ауданы тұрғындарымен өткен жиында Мемлекет басшысының Жолдауындағы міндеттер талқыланды. Кездесуде сөз алғандар аудан орталығы Абай қаласы мен ауылдардың инфрақұрылымын дамытудағы оң өзгерістерді атап өтті. Көптеген жоба халықтың өтініші бойынша жүзеге асқан.
Мәлік Отарбаев, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі:
- Біз Абай ауданындағы бірнеше нысанды араладық. Жолдар жөнделіп, инфрақұрылым жақсарған. Жүйелі жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижесінде Ауданда кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп салалары қарқынды дамып келеді. Өндірілетін өнім көлемі артқан.