Бүгін кешке Алматының орталық стадионында УЕФА Чемпиондар лигасының әнұраны тағы да шырқалады. «Қайрат» Кипрдың «Пафос» футбол клубын қабылдайды. Бұл алматылықтардың басты еуропалық турнирдің топтық кезеңіндегі үшінші ойыны.
Аршын Кемелжан, тілші:
- Бүгін Орталық стадионның алдында адам көп емес. Осыдан үш апта бұрын испаниялық «Реал Мадрид» келгеннен бастап, ойын аяқталғанға дейін жанкүйерлер бір дамыл таппап еді. Кипрлік «Пафосфен» ойынға асы бір қызығушылық танытпай отыр.
Оған билет бағасы да әсер етуі мүмкін. Дегенмен ойынға дейін алты сағаттан аса уақыт бар, жиналып қалар деген үміттеміз. Кеше «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Оразбахтин брифинг кезінде «Пафоспен» ойын оңай болмайтынын айтқан еді. Алматылық «Қайратқа» жанкүйерлер боламыз деген жерлестерімізді сөзге тартып көрген едік, пікірлерін бірге тыңдайық.
Аршын Кемелжан, тілші:
- Айта кетейік, Орталық стадионның маңындағы қауіпсіздік әдеттегідей күшейтілген. Сақшылар аумақтағы тәртіпті қадағалап тұр. Матч уақытында Абай даңғылында, сондай-ақ Байтұрсынов, Сәтбаев және Шевченко көшелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, дейді ұйымдастырушылар. Шамамен алты сағаттан кейін 70 жылыдқ тарихы бар «Қайрат» пен құрылғанына небәрі 10 жылдан енді асқан кипрлық «Пафос» ойыны басталады.