Премьер-министр Олжас Бектенов депутат Нартай Аралбайұлының сауалына жауап берді , — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ресми жауапқа сүйенсек, қазір тиісті министрлік футбол федерациясымен бірге облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерін тарта отырып, әлеуетті инвесторлармен жұмыс істеп жатыр.

"Осы жұмыстар шеңберінде "Орталық Азия отын-энергетикалық компаниясы" АҚ (Сергей Кан) "Қызыл-Жар" ФК сатып алу мүмкіндігін қарастырса, Freedom Finance (Тимур Турлов) "Шахтер" ФК үшін стадион мен футбол академиясын салуға қызығушылық танытып отыр, Kaspi Group (Михаил Ломтадзе) "Жеңіс" ФК сатып алуды және Астанада футбол инфрақұрылымын салуды көздеп отыр. Қызылордалық әлеуетті инвестор TAU GROUP LTD (Ислам Козбаков) "Қайсар" ФК сатып алуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, "Тараз" ФК, "Елімай" ФК және "Ертіс" футбол клубтарына қызығушылық танытқан инвесторлармен кездесулер өткізілді", — деп жазылған жауапта.

Олжас Бектенов қазақстандық футбол клубтарын қаржыландыру мәселесі туралы да айтты.

"2025 жылы футболды дамытуға 34,9 млрд теңге көлемінде қаражат қарастырылған, оның ішінде 31,8 млрд теңгесі кәсіпқой футбол клубтарын (премьер-лига және бірінші лига клубтары) қолдауға, ал 3,1 млрд теңге балалар футболын және бұқаралық футболды дамытуға бағытталған", — деді Бектенов.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget