Паралимпиада ойындарының екі дүркін жеңімпазы Давид Дегтярев 14 қазанда 54 кг дейінгі салмақта үш тәсілдің қосындысы бойынша 567 кг зілтемірді көтеріп, әлем чемпионы атанды. Ол үшінші талпынысында 191 кг көтеріп, Азия рекордын орнатты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған жаһандық додада сондай-ақ 50 кг салмақта Фариза Толжан (285 кг) және 73 кг дейінгі салмақ бойынша Раушан Қойшыбаева (330 кг) алтын медаль иеленді. Ал 88 кг салмақ дәрежесіндегі Рахметжан Хамаев үш тәсілдің қосындысы бойынша 592 кг нәтижемен күміс медаль жеңіп алды.

Пара пауэрлифтингтен Әлем чемпионаты Каирде (Мысыр) 11 қазанда басталған, 18 қазанда аяқталады. Жарысқа 70 елден 550 спортшы қатысып жатыр.