Лас ауаның салдары ауыр. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, жыл сайын 7 миллионнан астам адам сапасыз ауаның кесірінен мерт болады . Бүгінде Орталық Азияда, әсіресе біздің елімізде созылмалы респираторлық аурулардың саны күрт өскен. Олардың арасында астма, өкпе дерті мен бронхит бар. Атмосфераның ластануы жаңа туған нәрестелерге де зардабын тигізеді екен. Сондай-ақ дәрігерлер, азаматтар жүрек-қан тамырлары ауруларына да шалдығатынын айтады.
Бағай Назарбайұлы, дәрігер терапевт:
- Бұл аурулар қоршаған ортаның ластануы әсерінен болған жаағдайда ол жас талғамайды. Үлкен, кіші, егде адам болсын, бәріне де, тіпті жүктілік кезде іштегі балалардың ерте туылуына әсер етуі мүмкін. Балалардың тыныс жолының зақымдалуы осы ірі қалаларда жасап жатқан тұрғындар үшін ең жиі кездесетін проблема. Енді оны біз балаларға мұрнына тыныс алу аппаратын пайдалануы, тыныс жолын тазалау аппаратын пайдалу ол қабылған кезде керек. Ал қалыпты жағдайда оны жиі пайдалануға әдеттенбегеніміз дұрыс. Ал дұрыс тамақтануды ең бірінші орынға қоюымыз керек.