Қытайдан шыққан салт аттылар екі ай жол жүріп Қарағандыға жетті. Саяхатшы ерлі-зайыпты Қуанбек Түсіпханұлы мен Жайна Еркінқызы ол жақта Тарбағатай өлкесінен аттанған екен. Жетісудан өтіп Бетпақдала мен Балқашты бауырлай жүріп Арқа даласына келген екеуін жол бойы жұрт қонақ етіп, біраз жер нөкер болып та еріп жүр.

Ерлі-зайыптылардың мақсаты — Астананы көру. Қытайдан 8 тамызда шыққан. Кеден талабына сай, өз аттарын шекарада қалдырып, Қорғаста басқа ат мінген. Алматы өңіріне қыркүйек айында жетіпті. Қарағандыға дейін тағы бір ай жол жүрді. Қуанбек Түсіпханұлы мен Жайна Еркінқызы осы сапар арқылы ұлттық дәстүрді дәріптеп, екі елдің арасындағы мәдени байланысты нығайтуды мақсат тұтады. Аттылы екеу кеше кешкісін Қарағандының іргесіндегі Жұмабек ауылына жетіп, біздің арнамызға арнайы сәлем жолдаған екен.

Қуанбек Түсіпханұлы, саяхатшы:

- Біз, міне, жолға шыққанымызға 67-ші күн. Жұмабек ауылына жеткенбіз. Сосын алдағы Сарыарқа ауылының азаматтарының ұсынысымен Сарыарқа ауылына түнделетіп бара жатырмыз. Жол бойындағы барлық халықтың қолдауы, қошеметі, барлығы экраннан көріп тұрғандай.