Ақтөбелік оқушылар мыңға жуық көшет екті.

Биыл өңірде «Мектеп орманшылығы» жобасы басталды. Жеткіншектер жасыл желек егіп, оны күтіп баптаудың қыр-сырын үйренді. Оларға кәсіби орманшылар жетекшілік етті. Бұл экологиялық тәрбие сағаттарына облыс орталығымен қатар Ойыл, Қобда, Мәртөк, Әйтеке би аудандарының 400-ден астам оқушысы қатысты. Ал бүгін жоба аясында күзгі ағаш егу науқаны өтіп жатыр.

Мансұр Есқожин, тілші:

- «Мектеп орманшылығы» бұл бірегей жоба. Мұнда оқушылар көшет егіп қана қоймай, ағаш пен бұталарды дұрыс кесу, зиянкестермен күресуді үйренді. Ерте көктемде басталған тәжірибе сағаттарын кәсіби орманшылар жүргізді.

Майкамал Шалқарова, Ақтөбе орман шаруашылығының орман шебері

Сұхбатыңызға рақмет. «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылған бұл жобаның басты мақсаты – жастардың экологиялық жауапкершілігін қалыптастыру. Көктемде еккен көшеттерді жаз бойы күтіп, тер төккен оқушылар ағаштың әрқайсысын мәпелеп өсіру қажет екенін түсінді. Адам бойынан асқан мына тал-теректер сол еңбектің нәтижесі.

- Қайырлы күн. Биыл неше түп ағаш ектіңіз?

Гүлниса Русланқызы, оқушы

Мансұр Есқожин, тілші

«Мектеп орманшылығы» жобасы бір реттік іс-шара емес. Бүгін міне тағы 650 түп көшет егілді. Ал келер жылы облыстағы барлық елді мекенді қамту жоспарланып отыр.