Қоңыр күздің мизамшуағында Астанадағы ботаникалық баққа жиылған жұрт көп. Келген көпшілік тайлы-таяғына дейін марафонға қатысып жатыр. Бұл жиынның себебі біреу ғана – онкологиялық дертке шалдыққан кішкентайларды қолдау. Жүгіріп жүрген астаналықтар ғана емес, біраз адам елдің әр түкпірінен келген.