Президент «Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы туралы» өкімге қол қойды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Жұмыс тобының құрамында Парламент Мәжілісі мен Сенатының, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері бар. Бұған қоса ғылыми институттардың басшылары, белгілі заңгер-ғалымдар, Ұлттық Құрылтай мүшелері мен сарапшылар енді. Жұмыс тобы Мемлекет басшысының 8 қыркүйектегі халыққа жолдауын іске асыруға бағытталған.