Бұл туралы Су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов мәлімдеді . Президент тапсырмасымен қолға алынған жоба су ресурстарын ашық әрі тиімді пайдалануға бағытталған. Жоба аясында жүзден астам су арнасы жаңғыртылып, автоматтандырылады. Одан бөлек, қазір 264 су арнасына қатысты жобалау-сметалық құжат әзірленіп жатыр. Жоба 2030 жылға қарай су инфрақұрылымы нысандарының қырық пайызға жуығын цифрландыруға мүмкіндік береді.

Аслан Абдраимов, ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі:

- Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі аясында жерүсті және жерасты сулары, гидротехникалық құрылыстар және басқа да су шаруашылығы нысандары туралы деректер цифрландырылатын болады. Болашақта жасанды интеллект пен ғарыштық мониторинг деректерін қолдану елдің су балансын құруға, нақты қажеттіліктерді айқындауға, су ресурстарын пайдалану талдау мен мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.