- Соңғы үш-төрт күнде болған жол апаттарының себебі анықталды ма?
- Осындай жантүршігерлік апаттардың салдарымен күресуде ІІМ қандай сабақ алып жатыр?
Осы тұста «ҚазАвтоЖол» мекемесінің пікірін тыңдасақ. Қазір ұлттық компанияның ресми өкілі Сәкен Ділдахмет бізбен Zoom арқылы байланысқа қосылды.
- Сәкен, сізден сұрайын дегенім, мына соңғы күндері болған жол апаттары сіздерге тиесілі жолдар ма әлде...
- Түсінікті, жалпы біздің елде жол шұрық-тесік болса да апат, тақтайдай тегіс болса да апат. Азаймай тұр. Осы жолдардың қауіпсіздігіне қатысты «ҚазАвтоЖол» қандай да бір шаралар қолдана ма?
- Сәкен ақпаратыңызға рақмет біз осы тақырыпта енді студия қонағымен ары қарай жалғастырамыз. Жол бойы қаптаған камера. Қалтаға салмақ салар айыппұл да аз емес. Бұл шаралар неге апатты ауыздықтай алмай тұр. Не істемек керек?
- Осы тұста жаһандағы ахуалды шолып көрсек. Әлемде жол-көлік оқиғаларынан жыл сайын 1 жарым миллионға жуық адам қаза табады екен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының екі жыл бұрынғы есебі осындай. Қара жолдағы апатты азайту үшін қандай озық тәжірибелер бар? Қай елдің ережесі тиімді? Нұрбике Жігер айтып береді.
- Халықарлық тәжірибеден құлағдар болдық. Ал елімізде жолдағы қауіпсіздікті арттыру үшін қандай заманауи технологиялар енгізілуде?
Спикерлер: Ақтоты Боранова, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ресми өкілі; Сәкен Ділдахмет, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының ресми өкілі.