Танымал әнші Әли Оқапов Kezdesu бағдарламасына берген сұхбатында отбасына хейт пікір жазатындарға шыдай алмайтынын айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол анасы Роза Рымбаеваны аңыз адам деп санайтынын жеткізді.
"Анам болсын, інім болсын, балам болсын, әйелім болсын, жақындарым болсын, шыдай алмай кетемін. Маған не болса да айта берсін. Үйреніп кеттім деп айта алмаймын. Жүрекке тиеді. Бірақ ол бөлек. Ал отбасыма тиісуге болмайды деген сондай қасиетім бар. Әсіресе, анам жайлы бірдеңе жазса. Бірнеше жыл бұрын солай қатты дөрекі жауап беріп, ең алғашқы үлкен хейтке ұшыраған кезім болған. Анамды қорғаймын деп эмоцияға беріліп кеттім. Менің ойымша, Роза Рымбаева — аңыз адам. Оған қазір сын айтудың қажеті жоқ сияқты. Оның сахнада жүргеніне елу жыл болды. Елу жыл бойы нөмірі бірінші әнші. Ол — факт", — деді ол.
Сұхбаттың толық нұсқасын YouTube арнадан көре аласыздар.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!