Жаңа оқу жылында Елордада «Келешек мектептері » жобасы аясында 7 білім ордасы есігін айқара ашты. Заманауи мектептерде баланың сапалы білім алуымен қатар, шығармашылық тұрғыда дамуына жағдай жасалған.

Оқушылар үшін телестудия, робототехника, қолөнер шеберханалары, спорт үйірмелері бар. Сондай-ақ қолайлы инклюзиялы орта қарастырылған. Ал физика, биология және химия сыныптарында тәжіри жүргізу үшін виртуалды модельдер қолданылады.

Дана Оразалина, 33 орта «Келешек мектеп» мектебінің директоры:

- Былтыр 700 бала оқыса, биыл біз 1600 бала қабылдадық.Қазір бір аусымдық мектеппіз.+01 59 келешек мектептерінде қауіпсіздікке көңіл бөлінеді. +02 15 оқушылар фэйс айди арқылы кіреді. бөтен адам кіре алмайды. Былтыр бізде 48 мұғалім жұмыс жасады, биыл 100 мұғалім жұмыс жасап жатыр.

Аяжан Амантайқызы, қалалық Білім басқармасының баспасөз хатшысы:

- Келешек мектептердің арқасында елордамызда биылғы жылғы 3 аусымды мәселелер шешіледе деп жоспарлап отырмыз. Елордамызда мектептер әлі де салынады. Біздің арнайы жоспарымыз бар. 2030 жылға дейін мектептер әлі бой көтерілетін болады.