Арал теңізінің құрғап қалған табанына көшеттер егіледі. Бұл – Солтүстік Аралды құтқару шараларының бір парасы.

Қазалы ауданында Дүниежүзілік банк қаржысы есебінен 33 гектар аумаққа тұқымбақ салынды. Тұқымбаққа сексеуіл көшеті, сәндік ағаш, жеміс талдары егілді. Жерді тыңайту және қоршау жұмыстары да атқарылды. Қазіргі таңда тиісті техника сатып алынып, 47 адам жұмысқа орналасып үлгерді.

Айта кетейік, елде 2 миллиард түп ағаш егу межеленген. Осыған орай Қызылорда облысында 2021-2027 жылдарға арналған орман өсірудің кешенді жоспары бекітілді.

Қайрат Жансұлтанұлы, Табиғи ресурстар және ТПР басқармасы басшысының орынбасары:

- Тиісті жұмысшылар, барлығы берілді. Қазіргі таңда 20 гектарына сексеуіл көшеттерін отырғызып, ол көшеттерді біз ұлтанға егетін боламыз.